Атырау, 26 сәуір 18:26
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі

853 просмотра

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен бірлесіп өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесі шешілгенін хабарлады. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

"28 мамырдан бастап "Қазақстан теміржолы" ҰҚ облысқа стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, темір жолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр", - делінген хабарламада.

Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады.

"Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды, оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады", - деп хабарлады министрлік.

Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

30 мамыр 2022, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.