Атырау, 26 сәуір 06:30
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түседі

814 просмотра

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады, деп хабарлайды Sputnik.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

"Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық университеттерде бейінді бағытта білім алу үшін грант бөлуге мүмкіндік береді", - деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Аймағамбетов бүгін министрлік Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайтынын атап өтті. Қазақстандық оқушылар 70-тен астам елден қатысқан жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған болатын. Осылайша ұлттық құрама ІІІ орын иеленді.

"Енді олар бірінші болып жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар президенттің шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр", - деді Аймағамбетов.

Бұған дейін президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы қарастырылған.

30 мамыр 2022, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.