Атырау, 19 сәуір 03:19
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысы 2,8 млрд теңгеге облигацияларды саттыққа шығарды

1 278 просмотра

Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін, 30 мамырда Атырау облысының 2 881 965 дана көлеміндегі облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлады.

- Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы орган нарықта 2 жыл айналым мерзімімен мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығару арқылы облыстық бюджетке қаражат тартуды көздейді, - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, Атырау облысы әкімдігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 2,88 миллиард теңгеден астам сомаға бағалы қағаздарды шығаруда. Бұған дейін Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы тұрғын үй құрылысына 10 миллиард теңгеге жуық қарыз ала алатыны хабарланған болатын.

Атырау облысының әкімдігі облыстық мәслихаттың шешімі негізінде 2022 жылы барлығы 7,7 млрд теңгенің бағалы қағазын шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінде 4,8 млрд теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылды (2022 жылғы 12 мамырда бюджетке түсті).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 мамыр 2022, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.