Атырау, 20 сәуір 06:20
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мүгедек баласы бар ата-анаға қосымша еңбек демалысы беріледі

860 просмотра

Елімізде мүгедек балалары бар ата-аналарға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беруді көздейтін заңнамалық түзетулер қарастырылып жатыр. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Еңбек кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмысшылармен еңбек, ұжымдық келісімшартпен қосымша ақысы төленетін жылсайынғы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін. Осылайша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмысшыға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беру мәселесін тараптар еңбек, ұжымдық келісімшарт аясында шеше алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында. 

Оның атап өтуінше, бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан ол жұмыс берушілермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге заңнаманы жетілдіру, Әлеуметтік кодекс әзірлеу аясында қаралатын болады. 

«Бұған қоса, бүгінде Үкімет, жұмысшылардың республикалық бірлестігі және жұмыс берушілер арасындағы бас келісім жүзеге асырылып жатыр. Онда келісім және ұжымдық келісімшарт аясында әйелдердің, жастар мен мүгедектердің негізгі құқықтары мен кепілдерін жүзеге асыруға жұмыс берушінің жағдай жасау көзделген»,- деді Ералы Тоғжанов.

30 мамыр 2022, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.