Атырау, 6 қазан 11:34
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Астрахань-Атырау" пойызында сәби дүниеге келді

1 259 просмотра

"Аққыстау-Атырау" аралығында "Астрахань-Атырау" қатынасындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері толғағы басталған жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Вагондар құрамы Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес алдымен машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты.

Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова  сағат 5:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.  

Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған. 

- Компаниямызда тосын жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Сәуле Ілиясова.

Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды. 

Кенжегүл Қайырболатова көмек көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді: "Мен бірінші кезекте бала үшін аландадым. Пойыздың барлық қызметкерлеріне осындай төтенше жағдайда маған көмектескендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Енді қызым өскенде айтатын боламын".

30 мамыр 2022, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.