Атырау, 24 сәуір 06:47
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жолаушылар автобусы "Газельге" соқтығысты: зардап шеккендер бар

Сурет
1 684 просмотра

Атырауда жолаушылар автобусы жол-көлік апатына ұшырады, зардап шеккендер әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

29 мамырда сағат 19:00 шамасында Тасқала-3 ауылындағы көше қиылысында жол-көлік апаты орын алды. 

Полиция департаменті хабарлағандай, жолаушы тасымалдайтын "Daewoo" маркалы автобустың жүргізушісі  "ГАЗель" көлігіне соқтығысты. "ГАЗель" көлігі соққының екпінімен аударылып, көшедегі жарық бағанына соғылды".

Апат салдарынан "ГАЗельдің" жүргізушісі және автобус жолаушылары әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған сурет



30 мамыр 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.