Атырау, 2 мамыр 02:05
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды

Бейнежазба
1 197 просмотра

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде Семей қаласында ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топ ұсталды, деп жазды polisia.kz.

Ведомстоның мәлімдеуінше, бұл топтың бұған қоса Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Олар барлығы 167 бас мал ұрлаған.

Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды. Топ қатысушылары арасында нақты рөлдерді бөлуді қарастырғаны анықталды. Сонымен бірге ұрланған мал алдын ала союға дайындалған жерге айдалып, етті таныс қасапшыларға сатып отырған.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қосымша қылмыстық істер қозғалды, яғни мүлкін тәркілей отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық ету және оған қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қаралды.


30 мамыр 2022, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.