Атырау, 24 желтоқсан 19:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мектеп бітіргеніне 3 жыл болғанын атап өтіп, айыппұл арқалады

1 599 рет қаралды

27 мамырда Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алғабас ауылында көліктің терезесінен денесін шығарып, маневр жасау қағидаларын бұзған Kia Rio жолаушыларын анықтады. Тексеріс кезінде жастар өздерінің мектеп бітіргеніне 3 жыл болғанын атап өтіп жүргенін айтқан.

20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі ("Маневр жасау қағидаларын бұзу") және 593-бабының 2-бөлігі ("Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау") бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 20 және 19 жастағы жолаушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі ("Жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидалары талаптарын орындамауы") бойынша хаттама жасақталып, әрқайсысына 6 026 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 мамыр 2022, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.