29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) күні болып жарияланады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.
«Сіздерді Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылуының 10 жылдығымен және келе жатқан ЕАЭО күнімен құттықтаймын. Бұл күнді 2014 жылдың 29 мамырында ЕАЭО туралы келісімге қол қойылған күнмен тұспа-тұс етуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.