Атырау, 24 қараша 16:39
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аргентина президенті айыппұл төлеу үшін несие алған

1 045 просмотра

Аргентина президенті Альберто Фернандеске коронавирус шектеулерін бұзғаны үшін іс қозғалған. Ол бұл істі шешу үшін несие алған, - деп хабарлайды tengrinews.kz басылымы Clarin газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Аргентина басшысына 2021 жылғы шілдеде әйелі Фабиола Яньестің туған күнін атап өту кезінде карантин шараларын бұзды деп айып тағылған. Банкет суреттері баспасөзде жарияланғаннан кейін жанжал туындаған. Онда Фернандес пен әйелі он қонақты күткенін көруге болады. Ал бұл жайт сол кездегі жабық нысанда кездесу өткізуге тыйым салатын шектеуді бұзған.

Ол кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Прокуратура президентке, бірінші ханымға және олардың қонақтарына қатысты іс қозғаған.

Нәтижесінде, мемлекет басшысы ұзақ жыл бойы клиенті болып келген жеке банктен несие алған. Енді Фернандес пен бірінші ханым Фабиола Яньес Мальбран ғылыми институтына шамамен 3 миллион песо (26 мың доллар) аударуы керек. Осыдан кейін ғана Мемлекет басшысына қатысты іс жабылады. Олай болмаса, Фернандеске ауыр жаза тағайындалуы мүмкін.

27 мамыр 2022, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.