Атырау, 29 наурыз 12:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жолдың қалай салынғанын тексереді

Сурет
1 381 просмотра

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалының қызметкерлері биыл Атырау қаласындағы 231 көшенің жол сапасын тексереді. Бұл туралы филиал директоры Б.Мұқашев хабарлады.

Оның айтуынша, Атырау қаласындағы көлік кептелісінің алдын алу және жол көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ұзындығы 21,1 шақырым болатын Әуезов көшесінен Балықшы ықшам ауданына және Зарослый елді мекеніне дейінгі көше жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Сонымен қатар, Сырым Датов пен Азаттық көшелері де қайта жаңғыртылады. Еркінқала, Еркінқала -2, Балауса, Ракуша, Томарлы, Бірлік-2, Қайыршақты, Тасқала – 3, Дамбы-2, Геолог және Химпоселок елдімекендерінде жол салынады.

- Биыл көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салып тұрған «Атырау-Индер» тас жолының «Атырау-Талқайраң» бөлігінде де жұмыс басталады. Ол жерде жолды қайта жаңғырту 2019 жылы қолға алынып, аяқсыз қалған еді. 0-10 шақырым аралығындағы жол бойында пайда болған шұңқырлар және жол жабындысының тозуы салдарынан автокөліктер қарсы бетке шығуға мәжбүр. Ал түнде жол бойы тас қараңғы. Енді жол құрылысы аяқталғасын жарықтандырылып, жол белгілері салынады, - дейді Б.Мұқашев. 

Бұл учаскеге қажетті техника жеткізіліп, құрылыс материалдары әзірленіп, жерді өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» филиалының қызметкерлері былтыр жергілікті жолдарға 171 рет тексеріске шығып, 65-ке жуық ақау анықтаған. Оның 40-қа жуығы қалпына келтірілді, қалған кемшілік бойынша қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ескертпе хаттар жолдаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 мамыр 2022, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.