Қырғызстанда Бүкілресейлік мемлекеттік теледидар және радиохабар тарату компаниясы телеарналарынан хабар тарату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы "Ақнет" байланыс операторы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бірқатар елде бүкілресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулер қабылдануына байланысты халықаралық спутниктерде БМТРТ телеарналарын тарату біржақты түрде тоқтатылды. Осы себепті Россия Культура, Россия 24 және Звезда телеарналарын тарату уақытша мүмкін болмай тұр", - делінген хабарламада.
Оператор мәліметінше, қазіргі уақытта тұрақты сигнал беру үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.