Атырау, 24 қараша 17:12
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 93-күн

1 508 просмотра

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі келесі аптада Украинаға реактивті дүркіндетіп ату жүйесіж еткізілетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы CNN бірден бірнеше ресми тұлғаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жетілдірілген алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жүйелері  қазір украин тарапының басты сұранысы екені атап өтілді. АҚШ әкімшілігі оларды Украинаға үлкен әскери көмек пакетінің бір бөлігі ретінде жібермек сыңайлы.

* * *

Пентагон Украинада екі тарап та соңғы уақытта айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізбегенін айтады. Оның ішінде Донбасстағы ресейліктер. Бұл туралы брифингте Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді.

Оның айтуынша, Херсон мен Николаев арасындағы ауданда ұрыс жалғасуда, Украина мен Ресей әскерлері күн сайын қақтығысып жатыр. Екі жақтың ешқайсысында айтарлықтай прогресс жоқ.

* * *

Украинаға бірнеше бағыттан шабуыл қыза түсті. Зеленский Батысты сынады.

"Бүгінге дейін осы қырғынның нүктесін қойып, батыл қадам жасай алатындар болды, олар әлі де бар, бірақ, үнсіз отыр. 2014 жылдың 24 мамырынан бастап бүгінге дейін талай мүмкіндік болды. Ресей Украинаға және ЕО-ға қарсы жасаған іс-әрекеттерінің зардабын тартуы керек екені айтылмай келеді", - деді Украина президенті Владимир Зеленский өзінің бейнежолдауында.

Ол Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін ұзақ уақыт бойы шеше алмаған ЕО-ны сынға алды.

"Украина соғыстың барысын өзгертіп, басқыншыларды қуып шығару үшін қажет қару-жарақтың барлық түрін алып жатқан жоқ, соғыс арсеналын күтіп жүргенімізге көп болды. Олар Ресей шекарасына жақын қалаларда, Донецкіде, Луганскіде қаза тапқандар мен жараланғандардың орнын толтыру үшін барлығын сонда жинап жатыр", - деп толықтырды Зеленский.

Сонымен қатар, Киев елдің шығыс бөлігіндегі соғыс қарқыны күшейгенін айтты.

"Соғыс қарқыны күшейіп кетті. Жау әскері бізге бір уақытта бірнеше бағыттан шабуыл жасады", - деді Украина қорғаныс министрінің орынбасары Ганна Маляр.

* * *

Пентагон Ресей Украинада мыңға жуық танкісінен айырылғанын хабарлады.

Сәуір айының соңында Пентагон Ресей Украинадағы әскери күшінің төрттен бірінен айырылуы мүмкін деп хабарлады. Ол кезде техниканың шығыны шамамен 500 танк, 300 брондалған көлік, 20 жойғыш және 30 тікұшақ деп есептелді.

Ресей армиясы Украинада 1000-ға жуық танкісінен айырылды. Мұндай мәліметтерді Пентагон жариялады, деп жазды Deutsche Welle. Вашингтонның мәліметінше, Ресей сонымен қатар 30-дан астам жойғыш ұшақ, 50 тікұшақ және 350 артиллериялық қаруынан айырылды. 

Осыған қарамастан, Пентагон өкілінің айтуынша, Ресейде шабуыл жасауға «көп мүмкіндіктер» қалды. Сондай-ақ соғыс басталғалы бері Ресей Украинаға 110 батальондық тактикалық топ жібергені, бұл елдің әскери күшінің 80 пайызы екені мәлім болды.

* * *

Ресей СІМ: "Азов" полкінің жауынгерлерін соттамай, айырбас туралы Украинамен сөз болмайды.

Мәскеу мен Киев арасында тұтқын алмасу мәселесі Украинаның Мариупольдегі "Азовсталь" зауытын тастап шыққан жауынгерлерін соттаған соң ғана қозғалуы мүмкін. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко мәлімдеді.

"Барлық мәселені тұтқынға түскендерге лайықты жаза кесілген соң ғана қарастырамыз, оған дейін айырбас туралы сөз қозғауға ерте" деді Руденко.

Мариупольдегі "Азовстальді" екі айдан аса Ресей әскеріне бермей ұстаған Украина жауынгерлері өткен аптада зауыттан шыққан. Оларды ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумаққа әкеткен. Осыдан соң Ресей мен Украинаның тұтқын алмастыру мәселесі жиі сөз бола бастаған.

Украина президенті Владимир Зеленский Украина жауынгерлерін Мариупольден эвакуациялау және кейін Ресей тұтқындарына айырбастау жөнінде халықаралық ұйымдармен келісім болғанын айтқан. Ресей бұл жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Кремльшіл басылымдар Ресей билігін оларды соттауға шақырып жатыр. Өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған сепаратистік "ДХР" басшысы Денис Пушилин "Украина жауынгерлері әскери трибуналға тартылатыны сөзсіз" деп мәлімдеген.

Ресей қорғаныс министрлігі "2,5 мың жауынгер тұтқынға түсті" деп есептейді. Олардың кейінгі тағдыры беймәлім. Reuters пен Ресей БАҚ-тары сепаратистік "ДХР" бақылауындағы түзеу колониясына әкеткенін хабарлаған.

"Азов" полкі командирі Денис Прокопенконың әйелі Катерина олармен телефонмен арқылы сөйлескенін, "Азовстальден" шыққан украин тұтқындарының жағдайы қалыпты екенін айтқан. Прокопенко жаралылардың көпшілігі Еленовкадағы түрмеде екенін, ауыр жаралылардың Новоазовск ауруханасында қалғанын ескерткен.

"Олардың телефонмен сөйлесуіне халықаралық Қызыл крест ұйымы септігін тигізген" деп жазады Британияның The Guardian газеті. Прокопенко еркін сөйлесе алды ма, жоқ па белгісіз. Өйткені жағдайларын егжей-тегжейлі айта бастағанда телефон байланысы үзілген.

* * * 

Google компаниясы Ресейдің бірқатар провайдерлерінің сервисін баяулатты.

Ресейдің бірнеше провайдері Google компаниясынан тұтынушыларға арналған сервистерінің жұмысын жеделдететін серверлеріне қызмет көрсету туралы келісім үзілетіні туралы хабар алды. Бұл әрекет олардың клиенттерінің, мысалы YouTube арнасының жұмысын баяулатады. Бұл жөнінде 26 мамырда РБК хабарлады.

Агенттік материалына қарағанда, сөз - шағын интернет-провайдерлер туралы, ірі провайдер ондай хабар алмаған. Ресейдің аймақтардағы провайдерлерінен өзге Google Украинаның Донецк және Лугансл облыстарындағы операторларды жүктемені жеделдету қызметінен айырған деп жазады "ОрдерКом" telegram-арнасы.

Ресейде Google кейінгі кезде үнемі проблемаға кез болып жатыр. Украинаға басып кірген соң, наурызда корпорация Ресей рыногына арналған өз сервистерін жарнамамен ақша табу мүмкіндігін ажыратқан еді.

Google компаниясының Ресейдегі заңды тұлғасы билік тыйым салған контентті жоймағаны үшін шоты бұғатталғаннан кейін банкрот процедурасын өткеріп жатыр.

Мұнан өзге Google-дың Ресейдегі "еншілес" компаниясының үстінен санкцияға байланысты YouTube арнасындағы аккаунттары бұғатталып қалған Ресейдің бірқатар баспасөзі сотқа шағым түсірген.

* * * 

Украинадағы жағдайға байланысты 70 елде дефолт болуы мүмкін - БҰҰ.

 БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы Ахим Штайнер Дауостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Украинадағы жағдай инфляция мен кредиттер бойынша мөлшерлемелердің өсуіне байланысты дефолтқа тап болуы мүмкін 70-тен астам елдегі дағдарысты шиеленістіріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Azlyrics.com.az-ға сілтеме жасап. 

Штайнер БҰҰ-ының дағдарысқа қарсы әрекет жасайтынын, бірақ көптеген дамып келе жатқан экономикаларда ақша қалмағанын атап өтті. Батыс елдері қазір бюджеттің едәуір бөлігін басқа мемлекеттерге көмектесу үшін жұмсап жатыр және бұл қаражат қысқаруда. 

Азық-түлік дағдарысын шешу үшін Ресей мен Украинадан дәнді дақылдарды жеткізуге тосқауыл қою ұсынылды.

Ақпараттар kursiv.mediazakon.kz, ҚазАқпарат, Азаттық радиосы басылымдарынан алынды.

27 мамыр 2022, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.