Атырау, 22 желтоқсан 09:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан Қырғызстандағы этникалық қазақтарға білім гранттарын бөледі

1 062 рет қаралды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттің Қырғызстанға ресми сапары барысында қол қойған келісімі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр өзінің Telegram-дағы арнасында пост жазып, бүгінгі келісімдер туралы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.Асхат Аймағамбетов

Құжат мынадай жаңалықтарды көздейді:

Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі.

Білім саласында ынтымақтастықты дамыту.

Осыған дейін Президенттің Түркияға мемлекеттік сапары барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған еді.

Сонымен қатар қазір біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы алдағы уақытта жазамын.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

26 мамыр 2022, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.