Атырау, 30 маусым 17:47
 дождьВ Атырау +24.1
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Заңсыз сәлемдеме тәркіленді

1 686 рет қаралды

Атыраудағы  УГ-157/1 тергеу қапасында ыстық тағам салынған ыдыстың түбіне марихуана мен ұялы телефон салып өткізбек болған тұрғын ұсталды.

- 36 жастағы Атырау тұрғыны марихуананы үш пакетке орап, қасына телефон салып, ыдыстың түбіне тығып қойған, - дейді УГ-157/1 мекемесінің бөлім бастығы Саламат ҚАНАТОВ. - Алайда заңсыз сәлемдеменің жолы кесілді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы жедел тобы шақырылып, азамат ұсталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

УГ-157/1 мекемесі жолдаған сурет

26 мамыр 2022, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.