Атырау, 2 мамыр 03:00
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Көлікті жалға алып, арзанға сатқан

1 425 просмотра

Атырауда шетелдік қымбат автокөліктерді жалға алып, кейін ақшасын төлемей, оларды төмен бағамен сатып жіберген 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Кейін жәбірленушілер өздерінің көліктерін сайттағы хабарландырудан көрген.

Іс бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бері 20 жәбірленуші тіркелген. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қазір қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаменті оның басқа да істерге қатысын тексеріп жатыр. Осыған байланысты күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккендерді ПД тергеу басқармасына хабарласуды сұрайды: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №85 мекенжайы бойынша немесе мына телефон нөмірлері арқылы 102,8 702 824 92 02, 8 702 027 04 32, 98-12-05, 98-20-49.

Жәбірленушілердің арасында күдіктінің жақын таныстары да бар. Ол жәбірленушілерден келісім-шарт негізінде көлікті жалға алып, оларға басында жалдау ақысын төлеп тұрады, кейін төлемейді. Ал жалға алған басқа қымбат көліктерді арзандатылған бағамен сатып жіберіп, оларды «Теңізшевройл» компаниясынан есептен шығарылған көлік деп сендірген.

Айнұр САПАРОВА

26 мамыр 2022, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.