Атырау, 26 сәуір 06:39
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кәсіпкерлер заң қорғаушылармен кездесті

1 107 просмотра

Атырау облысының прокуратурасында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы­ның басшылығымен кездесу өтті. Мұнда қордаланып қалған мәселелер талқыланды.

Мысалы, жергілікті билік құрылыс жұмыстарын бастау үшін табысталатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды бекітуден негізсіз бас тартылған, мемлекеттік мүлікті жалға беру кезінде заңсыз құны өсірілген, қала аумағындағы жолаушы­ларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін тасымалдауға міндеттелген, көрсетілген қызмет үшін ақы төленбеген.

Облыс прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВ хабарлағандай, мобильді топтар ха­барламаларға дереу шара қолдануда. Прокурорлық қадағалау шараларымен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Бүгінде мобильді топтардың сенім телефонда­рына 46 хабарлама түсті, 272 заңсыз тексеру тоқтатылып, 2 әкімшілік хаттама заңсыз деп танылы­лды, - деп мәлімдеді қадағалау органының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша билік органдары мен кәсіпкерлік арасындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 мамыр 2022, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.