Атырау, 25 сәуір 06:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бедеулік үкім емес

1 183 просмотра

Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың көпшілігі балалы болу үшін экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне жүгінеді. Бұл облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында басты тақырыпқа айналды. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУВАЛИЕВТІҢ айтуынша, жыл басынан бері 117 әйел ЭКҰ-ға арналған комиссиядан өтіп, оның 98-і осы процедураға жолдама алған. Бүгінде 9 әйел құрсағында бала көтеріп жүр.

– ЭКҰ квотасына ресми некеде тұрғандар да, ресми некеде тұрмаған жұптар да өтініш бере алатынын ескертемін. Пациенттердің жасы 18-ден 42-ге дейін болуы және олардың елімізде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген болуы қажет, – деді А.Байдувалиев. 

Отырыс нәтижесінде баласыз отбасылардың балалы болуына мемлекеттік қолдау көрсету, жанұялардың әл-ауқатын үнемі бақылауда ұстау, отбасы тәрбиесін жетілдіру бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс жолданды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 мамыр 2022, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.