Атырау, 11 сәуір 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Атырау мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Сурет
2 193 рет қаралды

Биылғы оқу жылында 200 мектепте 137 747 адам білім алды. 5999 түлек мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басуда. 

– Мектептегі демалыс кезінде мектеп ғимараттары мен жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, мектептердегі білім сапасын арттыру, білім ошақтарымызға нағыз кәсіби мамандарды, жоғары санатты ұстаздарды шақыруды мақсат етіп отырмыз. Биыл 6 жаңа мектеп, келесі жылы тағы 10-ға жуық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осылайша облыс орталығындағы үш ауысымдық жұмыс мәселесін шешеміз, – деді №38 мектеп-лицейде (бұрынғы СТГ) өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген Атырау қаласының әкімі Мейірім ҚАЛАУИ.

11-сыныптың 4789 түлегі ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірді. Облыстың 10 оқушысы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, 55-і республикалық олимпиадалардың үздігі атанды. 

«Алтын белгі» төсбелгісіне 244 үміткер, «Ерекше үлгідегі аттестатқа» 243 үміткер бар. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Еламан НУХИН

25 мамыр 2022, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.