Атырау, 24 қараша 16:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 91-күн

1 090 просмотра

Мариупольден Новоазовский ауданы Безымянный ауылындағы сүзу пунктіне дейін  жергілікті тұрғындардың тағы бір тобы шығарылды. Бұл туралы Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко хабарлады. 346 мариупольдік, оның ішінде 24 бала, Безымянныйдан Таганрогқа (Ресей) 230 мариупольдік, оның ішінде 15 бала шығарылды.

* * *

Америкалық киім және аяқ киім өндірушісі Nike компаниясы Inventive Retail Group (IRG) компаниясымен франчайзингтік келісімді ұзартпады, деп жазады "Ведомости" газеті IRG президенті Тихон Смыковтың компания қызметкерлеріне жазған хатына сілтеме жасап. IRG PR-директоры «Ведомости» басылымына жеткізілімдердің тоқтатылғанын, ал тауарлардың жетіспейтінін растады. Басылымға сұхбат берушінің айтуынша, компания монобрендтік дүкендердің жұмысын жалғастыра алмайды.

* * *

Қазіргі уақытта Херсон, Запорожье тұрғындарының 70%-ға жуығы, сондай-ақ Николаев облыстары тұрғындарының бір бөлігі  Ресей төлқұжаттарын алғысы келеді, деп хабарлады ТАСС-қа Мемлекеттік Думаның ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастарымен байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий.

* * *

Донецк және Луганск халық республикаларының бөлімшелері Ресей армиясының қолдауымен Светлодар доғасында Украина қарулы күштерінің қорғанысын бұзды, деп хабарлады ЛПР-ның Ресейдегі елшісі Родион Мирошник өзінің Telegram-каналында.

* * *

Запорожье облысының билігі аймақтың Киевтің бақылауына қайтарылуын жоққа шығарды.

Запорожье облысын Украинаның бақылауына қайтару мүмкін емес, деп хабарлады РИА Новостиге аймақтың әскери-азаматтық әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов.

"Запорожье облысы - ресейлік тарихи аумақ. Аймақты Киев режимінің бақылауына қайтару, олар не десе де, олармен келіссөздер жүргізу секілді, мүмкін емес", - деді дереккөз.\

* * *

Ресей әскері Украинаға басып кірген үш айда ауған соғысындағыдай шығынға ұшырады.

Ресей әскері Украинаға басып кірген алғашқы .үш айда Совет өкіметінің Ауғанстанда 10 жыл соғысқандағы шығынына пара-пар шығын көрген болуы мүмкін. Бұл ақпаратты 23 мамырда Британия барлауы жариялады.

Украинадағы соғыс туралы кезекті ақпаратында британ барлауы Ресей әскерінің көп шығынға ұшырағанын жекелеген бөлімшелерінің тактикалық дайындығының нашарлығы, командалық басқарудың икемсіздігі және әуеден қолдаудың жеткіліксіздігімен байланыстырды.

Мамыр айының ортасында Британия барлауы Ресей ақпанда Украинаға басып кіру үшін жинаған құрлықтағы әскерінің үштен бірінен айырылғанын жариялады. Ол кезде шамамен 150 мың жауынгер болған. Алайда оның қаншасы өлгені белгісіз.

"Медиазона" есебінше, Украинада өлген Ресейдің 2500 жауынгерінің аты-жөні ашық деректерде бар. Ресей қорғаныс министрі өлгендер санын алғаш рет наурыз айында екі есе азайтып хабарлаған. Украинаның есебінше, Ресей әскерінің шығыны 30 мыңға жуықтаған. Украина өз шығыны жайлы хабарлаған жоқ. Екі тарап та өз шығын азайтып, қарсылас шығынын ұлғайтып көрсетуге тырысады. Бұл мәліметтерді соғыс жағдайында тексеру мүмкін емес.

Совет әскері Ауғанстандағы негізінен ауған көтерілісшілерінің шашыраңқы топтарымен соғысқан. Бұл жолы Ресей әскеріне Украинаның 261 мыңдық әскері, 100 мыңға жуық жергілікті қорғаныс бөлімдері және өзге де күш құрылымдарының бөлімшелері қарсы соғысып жатыр.

Ақпараттар Риа Новостиkursiv.mediaАзаттық радиосы басылымдарынан алынды. 

25 мамыр 2022, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.