Атырау, 20 сәуір 08:55
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Енді банк операторларына клиенттердің жеке деректері берілмейді

1 132 просмотра

Банк операторларына клиенттердің деректері берілмейді. Қазақстанда келісім базасы жасалды. Енді соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Хабар 24

«Бұрынырақта адам банкке келген кезде оған өмір бойы дербес деректерін өңдеуге келісім беру туралы кішкентай әріптермен жазылған қағазды тықпалайтын. Ешкім оны назар аударып оқыған да жоқ, қол қойып бере салатын. Құжат мұрағатқа кететін. Ендігі уақытта мұндай келісімдердің бәрін цифрлық түрде рәсімделетіндей және базамызға түсетіндей қылып жасадық», - деді министр.  

Айтуынша, бүгінде мұндай әдіс мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолданылып жүр. Оператор клиентке қызмет көрсетпестен бұрын оның телефон нөмірін сұрайды және сол нөмірге смс-код келеді. Код енгізілгеннен кейін ғана оператор дербес деректермен жұмысын бастай алады.

25 мамыр 2022, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.