Атырау, 22 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақпанда қамалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта кірісті

998 рет қаралды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланған.

Қаржы мониторингі агенттігі бұл деректі 4 ақпанда ресми растады.

Шенеуніктің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Ғалымжан Ниязов сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Оған қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осы уақыт бойы әкім орынбасары жалақысыз еңбек демалысында болған.

25 мамыр 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.