Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Коммуналдық қызметтер локдаун кезінде жақсы табыс тапты, енді тарифтер төмендейді

1 754 рет қаралды

Жылу және сумен жабдықтау қызметтері бойынша тұтынушыларға арналған тариф 66 пайызға дейін төмендетілді.

Өйткені, 2020 жылы карантин кезінде адамдар үйде отыруға мәжбүр болды, сәйкесінше бұл уақытта жарық, су және басқа да коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемі артты. Мысалы, бекітілген көлемі 860,01 мың Гкал болатын жылумен жабдықтау кәсіпорындары тұтынушыларға іс жүзінде 882,53 мың Гкал жылумен жабдықтау қызметін көрсеткен.

Бұл «Табиғи монополиялар туралы» заңның негізгі мақсаты болып табылатын тұтынушылар мен субъекті арасындағы мүдделер теңгерімін бұзды, – дейді қала прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

Нәтижесінде прокуратураның ұсынысымен коммуналдық қызмет тарифтері 1,44 пайыздан 66 пайызға дейін төмендетілді. Бұл тарифтер жыл соңына дейін күшінде болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 мамыр 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.