Атырау, 25 желтоқсан 02:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды

1 191 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі, ол "Ж" ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесінде соталды тергеуге қатысты өзге деректер жарияланбайды. 

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

24 мамыр 2022, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.