Атырау, 20 сәуір 07:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Полиция генерал-майоры жемқорлық бойынша күдікті деп танылды

1 293 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі полиция генерал-майорын жемқорлық бойынша күдікті деп таныды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«23 мамырда Антикоррупциялық қызмет 10.07.1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды»,— делінген хабарламада.

Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

24 мамыр 2022, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.