Атырау, 29 маусым 23:55
 дождьВ Атырау +20.8
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Ресей Қазақстанға қатысты қозғалыс шектеулерін алып тастады

1 072 рет қаралды

Ресей COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанмен көлік қатынасына бұған дейін енгізілген уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қаулыға қол қойды.

Қазақстаннан бөлек, «Ресей Федерациясы көлік қатынасына уақытша шектеулер алып тастаған шет елдердің тізіміне» Абхазия, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Украина, Оңтүстік Осетия, өзін-өзі егеменді ел ретінде жариялаған ЛХР және ДХР кіреді.

Шет мемлекетпен көлік қатынасындағы уақытша шектеулерді алып тастау күні оның тізімге енгізілген күні болып белгіленсін, – делінген құжатта.

Еске салсақ, Қазақстан 11 сәуірден бастап Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен шекарадағы шектеуді алып тастады.

24 мамыр 2022, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.