Атырау, 8 мамыр 16:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма?

1 019 просмотра

Биыл 170 мыңнан аса түлек мектеппен қоштасады. Білім және ғылым министрлігі өкілі алғашқы және соңғы қоңырау қарсаңында "мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство қызметкері гүл сыйлау жақсы дәстүр екенін айтты.

"Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заңбұзушылық болып саналмай ма?" деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой", - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Биыл елімізде 8 мыңнан аса оқушы - "Алтын белгіге" үміткер.

"2022 жылы елімізде 3,5 миллионнан аса оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл "Алтын белгі" төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер", - деді ол.

Сондай-ақ, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керегі айтылды. Бұл кеште кейбір шараға рұқсат етілмейді:

  • аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
  • мерекелік дастархандар жаюға;
  • жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау рәсімі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусымда өтеді.

24 мамыр 2022, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.