Атырау, 24 қараша 16:26
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Молдованың экс-президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды

1 068 просмотра

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 72 сағатқа қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sputnik Moldova агенттігінің хабарлауынша, тергеу төрт бап бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында жүргізілуде: жемқорлық, саяси партия үшін қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық.

Молдованың экс-президентіне тиесілі үй мен кейбір үй-жайлар тінтілді.

Тергеу амалдары жалғасуда. Ол 72 сағатқа қамауға алынды.Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Керпек

18 мамырда Молдованың бас прокуратурасы Игорь Додонға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Оған 2019 жылғы бейнежазбалар себеп болды.

24 мамыр 2022, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.