Атырау, 24 қараша 16:59
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 90-күн

1 168 просмотра

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Украинада жаралылар мен науқастарды қақтығыс аймағынан эвакуациялау үшін сенімді медициналық дәліз құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75-ші отырысында айтты, деп сейсенбіде НТВ хабарлады.

* * *

Apple компаниясының бөлшек сауда операторы re:Store желісі (Inventive Retail Group, IRG-ке кіреді) Ресейдегі дүкендерін жаба бастады, деп хабарлайды "Коммерсант". Компанияның сайтындағы мәліметке сәйкес, Мәскеуде сегіз сауда нүктесі, Санкт-Петербургте төртеуі, Қазан, Краснодар және Челябинскіде бір-бірден, сонымен қатар басқа қалаларда тағы бірнеше: барлығы 87 дүкен уақытша жабылған. Жылжымайтын мүлік нарығындағы ақпарат көзі IRG логистиканы қайта құру үшін дүкендерді үш айға жабу туралы шешім қабылдағанын айтты.

* * *

АҚШ билігі жанармай нарығындағы бағаны төмендету үшін дизель отынын қордан босату мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Ақ үй өкіліне сілтеме жасап CNN хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден дизельдік отынды кейіннен резервтік қорлардан шығару үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырған. Сонымен бірге, арна атап өткендей, АҚШ-тың дизельдік қоры өте аз, сондықтан мұндай қадамның тежеу әсері уақыт бойынша өте шектеулі болады.

* * *

Болгария жақын күндері Еурокомиссиямен келіссөздер жүргізіп, оның өкілдерімен Ресейдің газды рубльмен төлеу талабын талқылайды, деп хабарлады BTV арнасына елдің Энергетика министрі Александр Николов.

«Бұл өте жақсы мәселе, біз оны Еуропалық комиссия деңгейінде көтереміз. Ынтымақ пен бірлік деңгейі барынша жоғары болуы керек. Егер ерекше жағдайлар болса, біз оларды қарастырамыз және оның бүкіл жүйеге қалай әсер ететінін түсінеміз», - деді ол.

* * *

Сәуір айында Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған Кирилл Стремоусов аймақта ресейлік әскери база пайда болуы керек деп санайды. «Біз мұны сұрайтын боламыз, оған бүкіл халық мүдделі. Біріншіден, бұл өмірлік тұрғыда маңызды және аймақ пен оның тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі болады», - деді ол РИА Новостиге.

* * *

Ресейдің Женевадағы дипломаты Украинадағы соғысқа байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ресейдің Біріккен ұлттар ұйымындағы тұрақты өкілдігінің қызметкері Борис Бондарев Украинадағы соғысқа байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұған дейінгі дипломатиялық қызметі барысында өз жұмысы мен елі үшін дәл бұлай ешқашан ұялған емес.

"Путиннің Украинаға, іс жүзінде бүкіл Батыс әлеміне қарсы агрессияшыл саясаты мен соғысы – тек қана Украина халқы алдындағы қылмыс емес, меніңше Ресей халқының алдында да ауыр қылмыс", – деп жазды ол LinkedIn әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Біріккен ұлттар ұйымының Женевадағы бөлімі сайтының хабарына қарағанда, Бондарев тұрақты өкілдікте кеңесші қызметін атқарған. 20 жыл дипломатиялық қызметте болған.

"Өкінішке қарай 20 жыл ішінде Сыртқы істер министрлігінің жұмысында бейкәсібилік деңгейі ұлғайып, өтірік көбейе түсті", – дейді дипломат.

Бондаревтің сөзіне қарағанда, Ресей Сыртқы істер министрлігі қазір дипоматиямен емес, "арсыз өтірік таратып, жеккөрушілік пен соғысты насихаттаумен" шұғылданып отыр.

Мәскеудің агрессияшыл саясатын айыптаған ол "Ресейде одақтас қалған жоқ" деп жазды. "Мансабын әрі қарай да жалғастыра беруге болатынын, бірақ қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметте қала беру - Отанын сатқанмен тең екенін" айтты.

AP агенттігімен сөйлескен ол мемлекеттік қызметкер ретінде елдің әрекетіне жауапкершілікті бөлісуге міндетті екенін, бірақ олай істегісі келмейтінін мәлімдеді.

Бондарев Украинадағы соғысқа байланысты отставкаға кетінін хабарлаған Ресейдің алғашқы кәсіби дипломаты. Ресей Сыртқы істер министірлігі бұл жөнінде түсініктеме берген жоқ. "Коммерсантъ" газеті соғыс басталғалы Ресей Сырқы істер министрлігіндегі қызметінен кеткен тағы да бірнеше дипломат бар екенін жазды, бірақ әзірге ешбір дипломат мұндай шешімін ашық жариялаған емес.

* * *

Киев соты Ресей әскерінің сержанты Шишимаринді өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Киев соты Ресей әскерінің сержанты Вадим Шишимаринді қарусыз адамды қасақана өлтіріп, заң мен соғыс дәстүрін бұзғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Украина прокуратурасы да Мәскеу облысының Кантемировск танк дивизиясының 21 жастағы бөлім командирін өмір бойына түрмеге қамауды сұраған.

Тергеу мәліметіне қарағанда, биыл 28 ақпанда Ресей сержанты 62 жастағы бейбіт адам Александр Шелиповты басынан атып өлтірген. Бұл оқиға Сумск облысының Чупаховка кентінде болған.

Соттың соңғы отырысында Шишимарин кінәсін мойындап, жасаған әрекеттерін айтып беруге келіскен.

Азаттық радиосының Украин редакциясының жазуына қарағанда Вадим Шишимарин "қарусыз адамды неге аттың" деген судьялар сұрағына "өлтіргісі келмегенін, өзінен аулақ кетіру үшін ғана атқанын" айтқан. "Прапорщик Макеев атып таста деп бұйрық берді. Мен бас тарттым. Тағы бір әскери қызметкер атып таста деп өктем дауыспен бұйырды, әйтпесе "бізді сатып кетесің" деді. Содан соң аттым", – деп жауап берген.

Өлген адамның сотта сөйлеген жесірі Екатерина Шелипова да кінәлі сержантты өмір бойына бостандығынан айыруды сұраған, бірақ "Азовстальді" қорғаған Украина жауынгерлеріне айырбастаса қарсы болмайтынын" айтқан.

"Сержантқа Украина бекіткен адвокат сөзінше, Ресей шенеуніктері немесе Ресей Қорғаныс министрлігінің ешбір өкілі Шишимаринмен сөйлесуге тырыспаған" дейді Би-би-си.

Вадим Шишимарин ісі – биыл 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі Ресей жауынгерлерінің қылмысына байланысты алғаш болған сот процесі.

* * *

Украинадағы жағдай Ұлыбританиядағы бағаның өсуіне әсер етуде.

Ұлыбритания бағаның күрт өсуіне дайын емес. Британдық «The Independent» газетіне берген сұхбатында Ұлыбритания үкіметі жанындағы консультативтік органның басшысы Йан Райт осындай пікір білдірді.

«Қара теңіз порттарындағы жағдай Украинада 25 миллион тонна астықтың шығарылмай қалуына әсер етуде. Бұл ең кедей елдердегі аштық қаупін төндіреді, бірақ азық - түлік импортына тәуелді Ұлыбритания үшін де ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», - деп жазады британдық газет.

Атап айтсақ тағамдық өсімдік майы қазірдің өзінде шектеулі түрде жеткізіледі. Тыңайтқыштар мен мал азығы бағасының қымбаттауы отандық өндіріске кері әсерін тигізуде. Британдық қайырымдылық ұйымдары мен мемлекеттік қаржыландыруы жоқ қоғамдық топтар жинаған азық-түлік қоры таусылып қалады деген қорқыныш бар. 

Бұл дағдарыс сейсенбіде Ұлыбританияның Азық-түлік және сусындар кеңесі (FDSC) шұғыл отырысында талқыланады. Онда сала өкілдері азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қалыптасқан қиын жағдайларды жеңу шараларын қарастырады. 

«Менің ойымша, үкімет мұның барлығының салдарын толық түсінген жоқ. Бағаның айтарлықтай өсуіне және азық-түлік тапшылығына байланысты жағдай өте қорқынышты болуы мүмкін», -деді Ұлыбритания үкіметі жанындағы консультативтік органның басшысы Йан Райт.

* * *

«Елім үшін дәл бұлай ұялмаппын»: Ресей дипломаты қызметінен кетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Ресей өкілдігінде істеген Борис Бондарев Украинаға қарсы соғысқа байланысты өз еркімен жұмыстан шықты.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Бондарев дипломатиялық қызметі барысында елі мен жұмысы үшін ешқашан дәл бұлай ұялмағанын атап өтті.

«Путиннің Украинаға және іс жүзінде бүкіл батыс әлеміне ашқан агрессивті соғысы тек украиналықтарға ғана емес, сондай-ақ Ресей халқына қарсы жасаған ең ауыр қылмысы болар», - деді ол өз мәлімдемесінде.

Ақпараттар Риа НовостиАзаттық радиосыҚазАқпаратАдырна басылымдарынан алынды. 

24 мамыр 2022, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.