Атырау, 19 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 200-ге жуық жүк көлігі өте алмай тұр

813 просмотра

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері тағы да тұралап қалды. Бұл жолы Кең-Бұлын бақылау-өткізу бекетінде 200 жүк көлігі кезек күтіп, Қазақстан аумағына кіре алмай тұр, деп хабарлайды sputnik.kz.

Соңғы уақытта Қырғызстанда мұндай оқиға жиіледі. Бақылау-өткізу бекеттерінде қайта-қайта жүк көліктерінің үлкен кезегі туындап жатыр. Бұл жолы Шу облысындағы Ақ-Тілек автожол және Токмок автожол бақылау-өткізу бекеттерінің арасында орналасқан Кең-Бұлын бақылау-өткізу орнында жүк көлігі тұралап тұр. Айырмашылығы – бос жүк көліктері Қырғызстаннан Қазақстанға тек Кең-Бұлын бекеті арқылы кіре алады.

Жүк көліктерінің кептелісіне қатысты ешкім түсінік бермей отыр. Тауар немесе азық-түлік тиелген автокөлікпен Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өту әдетте өте қиын.

Аналитиктер шекарадағы қиындықтардың жиілеуіне үлкен табыс әкеліп отырған Орталық Азия бойынша қытай тауарының транзиті мен өнімдерді қайта экспорттау үшін сауда бәсекелестігі себеп болып отырғанын айтты.

Сондықтан сарапшылар жиі-жиі туындаған кезекті қырғыз экспорттаушыларының өнімді қатаң сертификаттауды және электрондық ілеспе құжаттардың болуын талап ететін сауда шарттарын сақтамауымен байланыстырып отыр.

"Қырғыз тарапы, біз жаңа жылдан кейін тауарларды тек электронды құжаттармен ғана жөнелтуге міндеттеме алдық. Бірақ, өкінішке қарай біз мұны орындамай отырмыз. Электронды құжаты жоқ кез келген машина қазақстандық тараптың бақылауына ілігіп отыр. Сондықтан шекарада көлік кептелісі туындап, екі жүз, үш жүз машина шекарада тұралап қалды", - деді Қырғызстан тасымалдаушылар және логистер қауымдастығының төрағасы Темір Шабденәлиев.

Шекарадағы кезекті азайту үшін логистер бақылаушы органдарға Қазақстан шекарасын кесіп өтпес бұрын Қырғызстан аумағында электронды және басқа да тиісті құжаттардың бар-жоғын тексеруді ұсынды.

Осылайша сауда тәртібін бұзудың ықтимал фактілерінің алдын алып қана қоймай, құжаттарында ешқандай кінәрат жоқ көліктерді шекарадан кедергісіз өткізуге мүмкіндік туады.

24 мамыр 2022, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.