Атырау, 29 наурыз 17:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бас санитар дәрігер ревакцинацияны қайталау туралы жаңа қаулыға қол қойды

777 просмотра

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналаудан (ревакцинациядан) өтуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

1) медицина  қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар.».

Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулы мәтінімен толық мына арадан танысуға болады

24 мамыр 2022, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.