Атырау, 11 сәуір 02:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

ІМ Кинологиялық орталығының басшысы сотталды - Антикор

1 117 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

А.А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 миллион 675 мың теңге ақшалай сыйлық алды деген күдікке ілінген болатын.

"19 мамырда Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", - делінген Антикор хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

23 мамыр 2022, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.