Атырау, 24 желтоқсан 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Астрахань» жолына қиыршықтас төселе басталды

1 999 рет қаралды

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тас жолының кейбір бөліктеріне қара қиыршықтас төсеу жұмыстары басталды. Бұдан кейін жолдың беткі қабаты – асфальт және қиыршықтасты-мастикалық асфальтты бетон жабындысы салынады.

Жол жұмыстарына жоспарға сай тексеруге шыққан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері Қуаныш ШОРТАБАЕВ А-27 Ақтөбе - Атырау - Ресей федерациясы шекарасы (Астрахань) республикалық тас жолының 100 шақырымнан астам бөлігін жүріп өтті. Жолдың 648-693-шақырымы аралығындағы қайта жаңғырту жұмыстарын «Тодини Конструкцион Дженерали СПА» АҚ, ал  693-753-шақырымын «АНТ Иншаат Маден Санайи А.Ш.» АҚ филиалы мердігер мекемесі жүргізуде. Қ.Шортабаевтың айтуынша, жақын күндері жолдың екі бөлігінің 10 шақырымына қара қиыршықтас төселеді. Әзірге 1 шақырымнан астамы төселген.

- Тексеріс кезінде айтарлықтай кемшілік анықталған жоқ. Бірақ айналма жолдарды күтіп ұстау, яғни шаң көтерілмес үшін уақытылы су шашып тұру жұмыстары бойынша ескерту берілді, - дейді Қ.Шортабаев. 

Дайындаған  Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2022, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.