Атырау, 25 сәуір 12:25
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Есірткі жасырушылар Көктем тұрғындарының мазасын алды

1 283 просмотра

22 мамырда Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Көктем» ықшамауданының 25 шақты тұрғыны «закладчиктерге» шара қолдануды талап етіп, көшеге шықты. Тұрғындар құқық қорғау органдарының округ аумағында синтетикалық есірткінің таралуын болдырмаумен айналыспай отырғанына наразы. 

Тұрғындардың айтуынша, соңғы кездері «закладчиктерді» өздері ұстауға тура келеді, өйткені олар синтетикалық есірткіні тіке жеке үйлердің ауласына лақтырып кететін болған.

- Тіпті ауладан кетуді талап еткенде, пышағын сермелей бастаған жағдай да болды, - дейді тұрғындар. Осыған байланысты тұрғындар ықшамаудандағы көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, бақылау камераларын орнатуды талап етті. Олар қараңғы түскенде сабақтан келетін балаларына алаңдайды.

Тұрғындарға Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат ҚАЛИЕВ шықты. Әкім тұрғындарды тыңдап, осы мәселелерді қарастыруға уәде берді. 

- Егер шара қолданылмай, округтегі шектен шығу тыйылмаса, Исатай мен Махамбет алаңына шығамыз, – деп қорқытты Көктем тұрғындары.

Еске салсақ, 20 мамырда дәл осы ауданда Құлсары қаласының бұрынғы әкімі Қаржау ШАРҒАБАЕВҚА қатысты орын алған болатын. Әлеуметтік желіде оның қойған сұрақтарға жауап беріп, кішкентай ақ ұнтақ салынған нәрсені көрсеткен бейнежазба пайда болды. Кадр сыртындағы сұрақ қоюшының пікірінше, оның ішінде синтетикалық есірткі бар. 

Айнұр САПАРОВА 

23 мамыр 2022, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.