Атырау, 24 қараша 16:33
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ДДСҰ басшысы пандемия әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеді

1 008 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен 75-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустық пандемия дертке шалдыққандар санының азаюына қарамастан әлі басылған жоқ деп айтты.  

"Тестілеуден және секвендеуден бас тарту вирустың эволюциясын байқап жатпағанымызды білдіреді", – деді ДДСҰ басшысы.

Сондай-ақ ол табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны әлі күнге дейін вакцина алмағанын атап өтті. 

"70-ке жуық елде вирус жұқтыру жағдайлары артуда. Бұл аймақтарда тестілеу көрсеткіштері күрт төмендеген болатын", – деді ол.

23 мамыр 2022, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.