Атырау, 24 қараша 16:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина ТМД халықтарының ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шықты

962 просмотра

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шығуын жақтап дауыс берді. Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк Telegram-да мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, заң жобасын қабылдауға 274 халық қалаулысы дауыс берген. Келісімге 2011 жылы қол қойылды. Аталған құжат тараптарды, атап айтқанда, әскери бейіттерге күтім жасауды қамтамасыз етуге және әскери ескерткіштерді вандализмнен қорғауға міндеттейді. 

23 мамыр 2022, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.