Атырау, 25 желтоқсан 10:11
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер телімін алмақ болған

1 134 рет қаралды

19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикор қызметкері ретінде өзін таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыру үшін атына жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен 1997 жылғы ер адамды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күдіктінің заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталып, Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

21 мамыр 2022, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.