Атырау, 21 желтоқсан 12:22
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Мұнайшыға» келген жанкүйер көбейді

Сурет
1 727 просмотра

Бүгін, 21 мамырда «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында «Атырау» - «Астана» командаларының кездесуі өтті. Айта кетерлігі, біздің команданың жанды ойыны мен соңғы матчтардағы жақсы нәтиженің арқасында келген жанкүйер әлдеқайда көп болды. Қиын кезде де осылай қолдау білдірсе, қандай жақсы болар еді.

Бірінші таймда чемпиондыққа үміткермен біздің ойыншылар тартынбай, шебер қорғана отырып, шабуылға шықты. Ал 75-минутта Андрия ФИЛИПОВИЧ алыстан берілген допты қақпаға кіргізіп, есеп ашты. Бұл ойыншының ғажайып гол соғу қабілеті бар және ол Қазақстан КФЛ бомбардирлерінің тізінде алғашқылардың бірі болып тұр.

Біздікілерде тағы да тамаша сәттер болды, бірақ гол соға алмады. Қосылған минутта-ақ «Астананың» шабуылшысы Станислав БАСМАНОВ кездесуді тең аяқтады. Өкінішті-ақ, дегенмен бүгінде «Атырау» турнир кестесінде үшінші орында қалып отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

21 мамыр 2022, 22:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.