Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Еңбек министрі Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

1 852 рет қаралды

Осы жылдың маусым айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Атырау облысының халқымен кездесуі жоспарлануда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.

Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз.

21 мамыр 2022, 22:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.