Атырау, 24 желтоқсан 20:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атыраулық полицейлер қажылыққа бара жатқан өзбекстандық велосипедшіге қол ұшын берді

1 757 рет қаралды

56 жастағы Өзбекстан азаматы Бозорбой Сатволдиев Сауд Арабиясындағы Мекке-Мединеге қажылыққа велосипедпен бара жатыр. Атырау облысы Жылыой ауданында полиция қызметкерлері жол бойында велосипедіне Өзбекстанның туын ілген ер адамды байқайды. 

Мән-жайды білген соң, Жылыой ауданы АПБ Тергеу бөлімшесі  бастығының орынбасары Нұрлан ЖАНГЕЛОВ ер адамға көмегін ұсынып, жол көрсетіп, азық-түлік және қаражатпен қамтамасыз еткен. Бозорбой Сатволдиев риза болып, алғысын білдірді. Айтуынша, қазақ полицейлері оған саяхат кезінде көп көмектескен:

- Ассалаумағалейкум, құрметті қазақстандықтар! Мен Өзбекстан Республикасының азаматымын. Өзбекстаннан Меккеге велосипедпен қажылыққа бара жатырмын. Жол көрсетіп, құрмет көрсетіп жатқан Қазақстан полициясына рахметімді айтамын, қызметтеріңізге сәттілік! 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған сурет

21 мамыр 2022, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.