Атырау, 28 наурыз 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Жекелеген әкімдердің шешімімен емес, Жер кодексімен реттелуі тиіс»

Сурет
1 110 просмотра

Көрнекі сурет

Атырауда кәсіпкерлер нысанға іргелес аумақты абаттандыру үшін қосымша жер ала алмай отыр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВТЫҢ айтуынша, былтыр тамыз айынан бастап Атырау әкімдігі қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес абаттандыру, көгалдандыру және көлік тұрағы үшін жер беру тәжірибесін тоқтатқан.

- Бас тарту туралы шешімді сұрап отырған учаскелердің ортақ пайдаланылатын жер екенін және көбінесе бизнес субъектілерінің заңсыз қоршап тастайтынын, жалға беру шарттарын бұза отырып, қосымша құрылыс, шлагбаум орнату үшін пайдаланылатынымен түсіндірді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар  алдын ала бекітілуі тиіс эскиздік жобаны да талап етеді. Көлік тұрағы, абаттандыру және көгалдандыру үшін жер телімін беру туралы шешімнің өзі қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұйрығы түрінде шығарылады. Атырау қаласы әкімдігінің бұл әрекеттері ҚР жер заңнамасының талаптарына тікелей қайшы келеді және бизнес субъектілерінің құқығын шектейді, – дейді С.Жолдыбаев.

Мәселен, «Project Stroy Group» ЖШС эскиздік жоба тәртібімен әкімдіктің алгоритмі бойынша бекітілген абаттандыру, көгалдандыру және көлік тұрағына арналған жер теліміне көпқабатты тұрғын үй салуға дайындық жұмыстарын бастады.

Кейін ЖШС-ге көлік тұрағы мен көгалдандыру аумағы жеке тұлғаларға жеке тұрғын үй салуға берілгені белгілі болады. Енді бұл нысанды қалай пайдалануға беру керек? ЖШС әкімдікке, өңірлік кәсіпкерлер палатасына және прокуратураға жүгінген.

– Бұл – мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде көлік тұрағы мен көгалдандыруға жер телімін беру қарастырылған инвестициялық жоба. Жоба бұл телімнің бос екенін білгеннен кейін әзірленіп, ол сәулет бөлімімен келісілді. Оның негізінде эскиздік жоба бекітіліп, жұмысты бастадық. Енді бұл учаскенің басқа тұлғаларға тиесілі екені анықталып отыр, олар өз құқықтарын талап етті, біз құрылысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Бірақ біз өз клиенттерімізге көлік тұрағы мен көгалдандыру қарастырылған жобаны таныстырдық, тұрғындар пәтерлерге тапсырыс беріп жатыр. Енді мәселенің шешімін күтіп отырмыз, – дейді «Project Stroy Group» ЖШС өкілі Нұрбек САДЫҚОВ.

Бұл мәселе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды. ӨКП жосықсыз кәсіпкерлердің жекелеген әрекеттері үшін әкімдік хаттамалық шешіммен басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын шектемеуі керек еді деп есептейді. Бүгінде жаңа әкімшілік кедергілер пайда болды – қосымша рұқсат алу қажет, алайда жер учаскелерін уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге қатысты барлық мәселе жергілікті атқарушы органдардың шешімімен ресімделуі тиіс.

Отырысқа қатысқан Атырау әкімі аппаратының басшысы Серік НЫСАНБАЕВ арыз түскенін, бүгінде бұл мәселені шешу шаралары алынып жатқанын растады. Ол сондай-ақ бұл тәжірибені әкімдіктің кәсіпкерлерге жер телімін беру тәртібін жеңілдету мақсатында қолданғанын, бірақ әкімдік тарапынан қателік жіберілгенін айтты.

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Нұржан ӘБІЛОВ бұл факті бойынша тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Кеңес қолданыстағы тәжірибені тоқтату туралы ұсыныс жасады: жерге қатысты мәселелер жекелеген әкімдердің шешімдерімен емес, қолданыстағы заңнамамен реттелуі тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 мамыр 2022, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.