Атырау, 26 сәуір 22:59
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда күйіп қалған бала көп

1 342 просмотра

Атырауда балалар арасында күйік алғандар саны айтарлықтай өсті. 6 жағдай өліммен аяқталды. 2021 жылдың 4 айында 137 бала күйіп қалған, оның ішінде 121-і термиялық, 10-ы химиялық күйік, 6-уы электр күйігі. Бағымызға орай, зардап шеккендердің бәрі аман.

Ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 185 күйік тіркелген, оның 163-і термиялық, 20-сы химиялық және 2-уі электр күйігі, алты бала көз жұмған.

Бұл бізге мектептегі каникул қарсаңында ұсынылған облыстық балалар ауруханасының деректері.

– Осындай зақым түрін алған балалар көп, оның негізгі себебі – ата-ананың назар аудармауы, оларды қараусыз қалдыруы. Ересектер телефонға, қоңырауларға, қолданбаларға алаңдап, жазатайым жағдайлар орын алып жатады, – дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Орындық СИПЛОВА. - Оңалту процесі өте ұзақ болады. Сәби аман қалса, үлкен бақыт. Көп жағдайда өмір бойына тыртық қалып қояды. Бала өскен сайын физиологиялық процесске байланысты оған пластикалық хирургия қажет болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 мамыр 2022, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.