Атырау, 19 желтоқсан 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Атырауда оқушы кәріз құдығына құлап, жарақат алды

Толықтырылды
1 531 просмотра

Атырауда 10 жастағы бастауыш сынып оқушысы мектеп жанындағы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті.

Облыстық балалар ауруханасы оны 20 мамыр күні сағат 12:25-те жедел жәрдем жеткізгенін хабарлады. Оқушыны травматолог қарап, екі проекцияда бас сүйегін рентгенге түсіріп, жараларын таңды. «Оң жақ тізесінің жұмсақ тіндерінің соғылған жарақаты, басы мен миының контузиясы» деген диагноз қойылды.

Бала амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Кейін «Атырау облысы су арнасы» КМК баспасөз қызметі мынадай түсініктеме берді: «Геолог ауылында кәріз құдығын орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыс орны қоршалған, құдықтың өзі жабылған. Құдық сыртындағы қуысты көму ғана қалған еді. Жұмысшылар топырақтың жеткізілуін күтті. Қасынан өтіп бара жатқан балалар кенет қоршауға жүгірді. Тоқтаңдар деп айқайлағанға қайырылмады. Салдарынан олардың бірі құдық жанындағы қуысқа түсіп кеткен. Баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, тек денесін ауыртып алды».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 мамыр 2022, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.