Атырау, 24 желтоқсан 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сотта қатыгездікпен жасалған қылмыс талқыланып жатыр

1 570 рет қаралды

Жылыой ауданындағы қыстақта қойшыны асқан қатыгездікпен өлтірген күдіктіге байланысты сот басталды.  

Естеріңзге сала кетсек, оқиға биыл 25 ақпан күні орын алған. "102" нөміріне белгісіз бір адам Қосшағыл ауылынан 45 шақырым жердегі "Қара мола" қыстағында қойшыны бір жігіт өлтіріп, мүрдені өзімен бірге алып кеткені жөнінде хабарлама түсіреді. Кейін белгілі болғандай, 38 жастағы құлсарылық жігіт мал іздеп, қырға шығады. Жоқ іздеп жүріп, жолай "Қара мола" қыстағына келіп, малшылармен бірігіп, үш адам көңілді дастархан ұйымдастырады. Ішімдікті іше келе қаны қызған мал іздеуші бөтелкелесінің бірімен сөзге келіп қалып, 60 жастағы ер адамды малша бауыздап тастайды. Мүрдені салып алып, белгісіз жаққа бағыт алады. Жолай мүрдені тастай қашпақ болғанымен, көлігі сорға батып қалады. Дереу жеткен полицияның жедел іздестіру тобы сол жерде оның үстінен түсіп, құрықтайды. 

Қылмыс ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 3,5 - тармақтары ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша сараланды. Қазіргі уақытта басты сот талқылауы жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Лəззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2022, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.