Атырау, 26 сәуір 21:11
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

3 жасар қызды құтқарған Сәбит пен Сағидың жанында тағы бір жігіт болған

951 просмотра

11 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 8-қабатта орналасқан балконынан құлағалы тұрған 3 жасар баланы Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев құтқарып қалған еді. Бірақ сәбиді құтқарған жігіттер екеу емес, үшеу болып шықты деп жазды turkystan.kz.

Үшінші жігіт Сәбит шыққан терезені ұстап тұрған көрінеді. Оған – Сағи Жылқышиевтің «Мен Сәбиттің аяғын жібермей ұстап тұрдым. Бір жігіт терезе жабылып кетпеуі үшін терезені ашып, тіреп тұрды» деуі дәлел. Бұл туралы Батыр есімді блогер жазды.

Үш жастағы қызды құтқарған үшінші жігіттің есімі – Нұрайдын. 2003-ші жылғы. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Қазір Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде екінші курста оқып жүр.

Нұрайдын Астанада ағасының үйінде тұрады. Сол оқиға болған күні ол сессияға асығып бара жатқан.

«Сол сәтте Сағидың қасында терезені тіреп тұрған осы Нұрайдын болған екен. Сағи өзі де соңғы видеода қасымызда тағы бір жігіт болған дейді. Таптық. Қарапайым жігіт. Студент. Өзім түсемін деген жоқ. Өзім түсірейін дедім. Осындай жігіттерді ел біліп жүрсін дедім. Ата-анасы да қуанып жүрсін. Жарайсың, Нұрайдын. Бұл жігітке медаль ешнәрсе керек емес! Ерекше құрметтің де керегі жоқ! Тек ел білсін деп көрсеттім» деп жазды блогер.  

20 мамыр 2022, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.