Атырау, 5 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры күрделі жөндеуді қажет етеді

1 232 просмотра

Бұған Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына бүгінгі жұмыс сапарында көз жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы аудандағы сапарын Қиғаш ауылындағы «Қиғаш» желілік өндірістік диспетчерлік станса жұмысымен танысудан бастады.

«Магистралды су ағызғы» ЖШС-не қарасты «Қиғаш» бас су сорғы стансасы «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау, Маңғышлақ өлкесін ауыз сумен қамтып отыр. Мамандардың айтуынша, кеңес үкіметі кезінде салынған мекеменің құбырлары, су сору, сүзу қондырғылары ескірген және күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Қиғаш» бас су сорғы стансасының басшысы Хамит ҚАБЫЛОВТЫҢ мәлімдеуінше, тәулігіне 260 000 текше метрге есептелген стансаның қазіргі қуаттылығы 110 мың текше метр. 

Су сорғы станциясы 1987 жылы салынған. Бүгінде бұл станса соның ішінде су асты техника, сумен жабдықтайтын сорғыларға жөндеу қажет.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2022, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.