Атырау, 5 маусым 20:15
 дождьВ Атырау +28.3
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән пайда болады

1 474 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.

"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.

20 мамыр 2022, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.