Атырау, 5 мамыр 04:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шегіртке емес, бірақ өте зиян

Сурет
2 034 просмотра

Биылғы көктем жауын-шашынды болып, дала көкорайға бөленіп жатқаны сол еді, көбелек пен жусан күйесі құрттары қаптап, өсімдіктерге жаудай тиюде. «АЖ» поштасына шағымданған Қызылқоға ауданының шаруалары алғаш болып дабыл қақты.

Олардың айтуынша Сағыз бен Мұқыр ауылдық округтері аумақтарында бұл жәндік наурыздың аяғында, кейін Белқұдық пен Байбоз учаскелерінде пайда болған.

- Жайылымдарда зиянкестің көптігі сондай, аяқ алып жүре алмайсың. Егер оларды жаппай уламаса, даланың бәрін бүлдіреді. Сондықтан бізге көмек керек, осыған билік назар аударса дейміз, - дейді «Ойтаң» ШҚ қызметкері Айбар ЕРЕКЕШЕВ.

Ал Өңірлік коммуникациялар қызметі былай деді: «18 мамырда Қызылқоға ауданында жусан жапырағының жусан құртымен зақымданғаны анықталды. Жалпы ауданы 800 гектар жер бүлінген. Қазір мамандар шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай зиянкестерді химиялық өңдеумен айналысатын ұйымдардан баға ұсыныстары түскен. Жасалған есеп ауыл шаруашылығы басқармасына берілді».

- Шалғын көбелегі емес, құрты қауіпті, - дейді облыстық аумақтық  инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бөлім басшысы Абила ҚАЗИЕВА. - Қазір Ақтөбе облысымен шекаралас 800 гектар алқапта жемір көбелек құрттары табылды. Бұл құрттар осы жерде бұрыннан да бар, бірақ биыл ылғал көп болғасын қаптап кеткен. Химиялық өңдеу шаруа қожалықтарының өз есебінен жүргізіледі, өйткені мемлекет есебінен тек шегіртке жойылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

20 мамыр 2022, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.