Атырау, 23 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Альфа-Банктің" атауы ресми түрде өзгерді

1 290 рет қаралды

Енді Қазақстандағы "Альфа-Банк" ресми түрде Eco Center Bank деп аталады. Бұл туралы Sputnik қазақстандық KASE қор биржасының сайтына сілтеме жасап хабарланды.

Банк биыл 13 мамырда қайта тіркеуден өткен. Енді ол "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес банкі "Eco Center Bank" АҚ деп аталады.

Eco Center Bank-ті Руслан Владимиров басқарды.

Бұған дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген еді. Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.

20 мамыр 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.