Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Каспий жағалауында қамыс өртенді

1 276 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

19 мамыр күні сағат 16.15-те «Ақжайық» табиғи резерваты аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу кезінде өрт ошағы анықталды.

– Резерват қызметкерлерінің мәліметін нақтылау барысында Атырау қаласынан 25 шақырым жерде, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында, Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт аумағына «Ақжайық» МТР тобы (10 жұмысшы, 2 қайық және 2 мотопомпа) шықты, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.